KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Семейде ең үздік киіз үйге байқау жарияланады

20.02.2013, 18:00 327


Семей қаласында 22-наурыз мерекесінде ең үздік киіз үйге байқау жарияланады. Мейрам күні қаланың мекемелері мен ұйымдары өз киіз үйлерін тігіп, қонақтарды қарсы алады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Семей қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары З.Р. Исабаеваның төрағалығымен Наурыз мейрамын өткізуге байланысты кеңес өтті. Кеңеске әкімдік бөлімдерінің, ЖОО, колледж, қаланың басқа да мемлекеттік мекемелерінің жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында Наурыз мейрамына дайындық барысы талқыланды. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың жоспарына сәйкес 22 наурыз күні мерекелік іс-шаралар қаланың 5 жерінде өтеді. Қала көшелері мен ғимараттары тақырыпқа сай безендіріледі. Орталық алаңда мерекелік іс-шаралар сағат 11-де басталса, басқа орындарда сағат 10-да басталады. Қала мекемелері мен ұйымдары өз киіз үйлерін тігеді. Үздік киіз үй байқау бойынша анықталады.
Қала тұрғындары мерекелік концерттер мен театрландырылған көріністерді, қолданбалы өнер көрмелерін тамашалап, мерекелік от шашуды көреді.

Семейліктер орталық алаңда орнатылған алтыбақандарда тербеліп, тайқазанда әзірленген наурыз көжеден дәм тата алады. Сонымен қоса, мерекелік бағдарламада Астананың 15-жылдығы, Қазақстан футболының 100-жылдығына арналған композициялар да бар.

Кеңес соныңда Абай атындағы музыкалық-драма театрының директоры Я. Горельников мерекені өткізудің көркемдік жағы туралы айтып берді. Іс-шараларды 20 мыңнан астам адам тамашалайды деп күтілуде.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив