KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Семей қаласында 8-наурыз мейрамы жаңаша тойланады

18.02.2013, 18:00 172


Семей қаласының әкімдігінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеудің дайындық барысы сөз болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Смаилованың айтысына қарағанда, биыл Семей қаласында 8-наурыз мейрамын «8 марта глазами ребенка» атты жаңаша форматпен атап өту жоспарланған. Мерекеге арналған салтанатты жиын 7 наурызда сағат 15.00 Абай театрында өтеді.

8-наурызды мерекелеу аясында өткізілетін іс-шаралар, жоғары жетістіктерге қол жеткізген әйелдер туралы мақалалар мен сұхбаттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Қала мұражайлары мен кітапханаларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» таққан көпбалалы аналар да назардан тыс қалмайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив