Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Швейцарияның Давос қаласында өткен шаңғы жарыстарының Әлем кубогының 12-кезеңінде классикалық спринттен жеңіске жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жерлесіміздің финалдағы көрсеткіші 3 минут, 25,6 секунд , бұл екінші болып келген швейцарлық Дарио Колоньюның көрсеткішінен 5,4 секундқа жылдам. Үшінші орынды Полтораниннен 6 секунд қалып қойған итальяндық Федерико Пеллегрино иеленді.
Тағы бір қазақстандық спортшы Николай Чеботько финалдың қорытындысы бойынша бесінші орынға табан тіреді. Әлем кубогының әйелдер спринтінде поляк шаңғышысы Юстина Ковальчик алдына жан салмады.
Мәлімет көзі: Altaynews.kz