KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Алексей Полторанин Италияда өтіп жатқан Әлем кубогында екі мәрте жеңімпаз атанды

6.01.2013, 18:00 201


Алексей Полторанин Әлем кубогының Италияда өтіп жатқан «Тур де Ски» шаңғы жарысында қатарынан екі мәрте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Риддерлік шаңғышы «Тур де Ски» көпкүндігінің бесінші кезеңінде 5 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен жүріп өтуде ең үздік көрсеткішке жетті.
Алексей Полторанин көш бастаушылар қатарында келе жатқан норвегиялық Петтер Нортуг пен швейцариялық Дарио Колоньяның алдына түсіп, әлемнің түкпір-түкпірі-нен жиналған жігіттер арасында жалпы есептік ұпай қорын молайтып, жағдайын жақсартты.

Алексей 15 шақырымдық қашықтықта классикалық тәсіл бойынша жарыста да алдына жан салмастан мәре сызығын бірінші болып қиып өтті. Ал екінші және үшінші орындарды канадалық спортшылар Лен Вальяс и Алекс Харви иеленді.

Әлем кубогының кезеңдік жарыстарына өз елінің ең үздік спортшылары атанған 73 спортшы қатысты. Ал Алексей осындай жетістіктерінің нәтижесінде жалпы есепте әзірге төртінші орынға табан тіреді. Елде тілекші болып қалған жанкүйерлері намысты қолдан бермеу үшін ширығып шығып, даңқ тұғырына көтерілген Алексейге ыстық ықыластарын білдіріп, жемісті де жеңісті жолдары алдағы уақытта да жалғаса берсін деген тілектерін білдіріп жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив