KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Онкологиялық аурулармен дүниежүзілік күрес күніне орай Аягөзде ашық есік күні өтті

17.02.2013, 18:00 183


Онкологиялық аурулармен дүниежүзілік күрес күніне орай Аягөз аудандық орталық ауруханасының емханасында ашық есік күні өтті. Бұл күні емханаға қаралуға келген қала тұрғындарына онкологиялық аурулардың түрлері және олардың алдын алу туралы бейнебаяндар көрсетілді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Емдеу мекемесінің онколог,терапевт дәрігерлері балалар үйінде, аудандағы бірқатар мектептерде, учаскелік бөлімшелерде омырау безі қатерлі ісігінің, өңеш обыры мен асқазан обырының алдын алу, скринигтік тексеру тақырыптарында кең көлемде дәріс оқыды, тақырыпқа сай презентациялар көрсетілді.

Аягөз аудандық ауруханасында емделіп жатқан науқастарға онкологиялық аурулардың алдын алуға байланысты дәрігерлер тарапынан күн сайын ақпарат беріліп тұрды.

Тұрғындарға «Сіз қатерлі ісік туралы не білуіңіз тиіс?», «Өз сүт бездеріңді тексер», « Бауыр обыры туралы нені білу қажет және бұл аурудың қалай алдын алуға болады?» тақырыбында ақпаратты көрнекі материалдар таратылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив