KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Запастағы офицерлер, сержанттар мен қатардағы жауынгерлер еліміздің қорғаныс күштері сапына қабылданады

17.02.2013, 18:00 152


Әскерде болып, Отан алдындағы борышын өтеген ер-азаматтар үшін жұмысқа орналасуға тамаша мүмкіндік туды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім келісімшарт бойынша запастағы офицерлерді, сержанттар мен қатардағы жауынгерлерді еліміздің қорғаныс күштері сапына қабылдап жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ол үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 38-бабына сәйкес, аталған жұмысқа үмітті азаматтар мына талаптарға сай болуы керек: Қазақстан Республикасының азаматы, 35 жастан аспаған, әскери-тіркелген мамандығы және медициналық тұрғыдан денсаулығы жарамды.

Қазірде екі қолға бір күрек таппай, сандалып жүрген жастарымыз осы шақыртуға құлақ асса, еліміздің қорғанысын қамтамасыз етуге қосқан үлестерін айтпағанда, жұмыссыздар санының азаюына үлкен сеп болар еді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив