KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Депутаттар мемлекеттік VIP нөмірлердің сатылуына қарсы

14.02.2013, 18:00 127


Мәжіліс депутаттары мемлекеттік VIP нөмірлердің сатылуына қарсы, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов заң алдында барлық азаматтар бірдей, сол себепті мемлекеттік VIP нөмірлер сатылмауы керек деген пікірде.
«Жол қозғалысы туралы» жаңа Заң жобасы талқыланған кезде депутат осындай өз ойын жеткізді. VIP нөмірлерді кәдімгі тәртіппен сату керек, ал оларды кезексіз берген тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс деп санайды депутат.

ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы бұған жауап ретінде «министрлік мұндай қадамға сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында барды» деген уәж айтты. Аталмыш заң жобасын ұсынбас бұрын жол полицейлері халықаралық тәжірибені сараптап шыққан. «Грузияда 001 нөмірі 100 мың АҚШ доллары тұрады. Бес жыл ішінде мұндай нөмірді тек 5 адам ғана сатып алған. Ал біз қолжетімді бағаны қоюды шештік » деді Бисенқұлов.

Бұған дейін хабарланғандай, қайталанатын цифрлардан тұратын 28 нөмір жиынтығына мораторий жарияланған болатын. Келешекте оларды 200 бен 400 мың теңге аралығында сату жоспарланған. Министрліктегілердің айтысына қарағанда, бұл баға қазақстандықтардың 100 мың теңгелік орташа табысына лайықталып тағайындалыпты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив