KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Зырянда үш тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

14.02.2013, 18:00 154


Ағымдағы жылы Зырян қаласында бірқатар тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Новатор-5» ЖШС-мен Зыряндағы Киров көшесі, 44 мекенжайы бойынша 18 пәтерлі тұрғын үйдің ағымды жөндеуіне сметалық құжаттама әзірленді. Сметаның жалпы құны – 7708,167 мың теңге. Биыл жазда шатырды, қасбетті, кіреберіс дәліздерді және сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар Зырян тұйық көшесі, 9, Коммунистическая көшесі, 19, Молодёжная көшесі, 7 мекенжайларында орналасқан көппәтерлі үш бірдей тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне жобалық-сметалық құжаттамалары «Горметпроект» ЖШС-ға мемлекеттік сараптамадан өтуге тапсырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив