KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Зырян қаласында көп қабатты тұрғын үй жөндеуден өтті

22.05.2013, 18:00 121


Зырян қаласында 24 пәтерлі көпқабатты үйдің сырт келбеті адам танымастай өзгерді. Тұрғын үйді «ШығысСтрой» ЖШС мекемесі күрделі жөндеуден өткізді. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны -13 048,058 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күрделі жөндеу шеңберінде шатырларды энергоресурстарды үнемдейтін материалдармен жылыту (шатырдың конструкциясын тегістен сырғытқыға өзгерту), техникалық қабаттардың терезелерін шынылау жұмыстары жүргізілді.

Зырян қаласында көп қабатты тұрғын үй жөндеуден өттіЗырян ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы В.Шмелёваның айтуынша, жылыту құбырларының жылу оқшалау құрылғысы жөнделіп, жабылу құралдарымен тамбур есік жақтаулары, кіреберіс дәліздерде терезе жақтаулары энергияны үнемдейтін материалдармен (металлопластикалық) ауыстырылған.

Сонымен қатар кіреберіс дәліздері жөнделіп, тұрғын үйдің қасбеттері (қасбетті жөндеу) өзгертілді.

Бөлімше бастығы жөндеу жұмыстарының 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынғанын айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив