KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 2 м/с, Ю
464.72 496.32 5.4

Республикалық III экологиялық форум Өскеменде өтеді

14.02.2013, 18:00 117


Құрылыс материалдарын қоқыстан, биогазды малдың қиынан, электр қуатын жел мен күннен өндіру тәрізді көптеген инновациялық жобалар талқыланатын республикалық III экологиялық форум Өскеменде өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы «Алтай» технопаркінде өтетін бұл форум өндірісі өрге басқан маңдайалды кәсіпорындар мен белсенді өнертапқыштардың басын қосып, ең үздік инновациялық серпінді жобаларға басымдық бермек. Онда күн, жел, су энергиясын, сонымен қатар био және атом қуатын игілікке айналдыратын озық жобалар қамтылады.

Бұған қоса энергия пайдалануды төмендетуге көмектесетін технологиялар да назардан тыс қалмақ емес.

Қазірдің өзінде форумға қатысуға 20-дан астам үміткер өтініш білдірген. Олардың қатарында өскемендік кәсіпорындар «Машзавод» ЖШС мен «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, «Eco Energy» ЖШС және басқалары өз жобаларын ұсынады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив