Облыс аумағында тоқтаусыз жауып жатқан қар мен ұйытқыған боранның салдарынан Қалбатау ауылының маңында жол жабылып, көліктердің қозғалысы тоқтап қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сүйеніп.
Департаментте хабарлағандай, тас жолдың осы бөлігінде қардың жолды жауып тастауынан автокөліктер жүре алмай қалған. Оқиға орнында әзірге тек жол қызметі ғана жолды аршу жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.
Бұдан басқа Өскемен-Семей, Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы, Белоусовка-Риддер бағыттарында жолдар жабық.
Мәлімет көзі: Altaynews.kz