KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 4 млрд. теңге бөлінді

7.02.2013, 18:00 192


Биыл аймақтағы облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 4 миллиард теңге мөлшерінде қаржы бөлініп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл деректер облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасынан алынды.

Бұл қаражатқа «Көгілдір бұғаз» демалыс базасына кіреберіс жол мен Таңсық стансасынан Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткішіне дейінгі күре жол жөнделіп, Самар трассасының үстінен өтетін темір жолды қайта іске қосу, Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің үстінен көпір орнату жұмыстары атқарылмақ.

Сол сияқты, Алмасай, Жаңа Бұқтырма, Казнаковка өткеліне кіреберіс жолдар қалпына келтіріліп, Қалжыр, Қалғұты және Смолянка өзендері арқылы өтетін көпірлерге жөндеу жүргізіледі.

Күрделі жөндеу жұмыстары мұнымен қатар Бородулиха – Жезкент, Мақаншы – Жалаңашкөл, Ақсуат – Бөкей – Қарасу – Ақжар – Омбы – Майқапшағай, Үлкен Нарын – Күршім – Қалжыр және басқа да бағыттардағы күре жолдардың бойында қолға алынады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив