KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Семей қаласының бюджетінде биыл тұңғыш рет бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтарып алуға қаражат қарастырылған

6.02.2013, 18:00 153


Семей қаласының бюджетінде биыл тұңғыш рет бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтарып алуға қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Үстіміздегі жылы білім беру саласына қалалық бюджеттен 7 млрд.572 млн. теңге қаржы бөлінді. Шығыстар тізімінде жаңа бір баптың пайда болғанын айта кеткен жөн.

- Осы жылы тұңғыш рет бұрынғы балабақшалар ғимаратын қайтарып алуға 100 млн. теңге бөлініп отыр, - дейді Семей білім беру бөлімінің бастығы Гүлжан Алтынбекова. – Біз өзімізге керек мектепке дейінгі мекемелердің техникалық мінездемесін жазып, байқау жариялаймыз. Байқауға қатысушылардың арасынан таңдайтын боламыз.

Бөлім бастығы сонымен қатар білім ошақтарының күрделі жөндеу жұмыстарына 93 млн. теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 127млн. теңге бөлінгенін айтты. Сондай-ақ Степное, Восход және Приречный елді мектептерінде оқушыларды мектепке жеткізу үшін көлік сатып алуға ақша бөлінген.

Раушан Мусина




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив