KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Семей қаласында кәсіпкерлер Кеңесі құрылады

6.02.2013, 18:00 106


Семейде «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов қала кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің баспасөз хабарламасына сүйеніп.

Кездесу барысында басқарма төрағасы «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Семей филиалының бұрынғы басшысы Берікбол Искаковқа табысты еңбегі үшін алғыс айтып, қала кәсіпкерлеріне филиалдың жаңа жетекшісі Ардақ Әділжановты таныстырды.

Жыл басында «Атамекен» одағы» ҚҰЭП орталық аппаратына тікелей бағынышты Палата филиалын құру туралы келісілген болатын.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында кредиттік жүйелердің қолжетімдігі, әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері талқыланды.

Абылай Мырзахметов он күндік мерзімде Семей қаласының кәсіпкерлер Кеңесін құруды, сонымен қоса жергілікті кәсіпкерлердің мәселелеріне талдау жасауды тапсырды.

Басқарма төрағасы «ҚР кәсіпкерлер ұлттық палатасы туралы» заң жобасы, Палатаның 8 басым бағыттары бойынша жұмыстар жөнінде хабарлады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив