KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

1- ақпаннан бастап Өскемен қаласының 70 жастан асқан зейнеткерлері қоғамдық көліктерде тегін жүреді

30.01.2013, 18:00 197


1- ақпаннан бастап Өскемен қаласының 70 жастан асқан зейнеткерлері жыл аяғына дейін қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүреді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Жоба қалалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Бұл жөнінде қала әкімі Серік Тәукебаев пен «Шығыс Қазақстан көлік тасымалдаушылары одағының » төрағасы Николай Масич арасында Келісімге қол қойылды.

70-ке толған және одан асқан әрбір өскемендік зейнеткерге қалалық әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту бөлімі атаулы жол жүру билет береді. Атаулы жол жүру билетін алу тәртібі мен қажетті құжаттар туралы қосымша хабарланады.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 70-ке толған 26 мыңнан астам зейнеткер бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив