KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

"Восток" Түркияда дайындық жүргізіп жатыр

22.01.2013, 18:00 121


Өскемендегі «Восток» футбол командасының ойыншылары оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Команданың бас бапкерлігіне Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғы-лымдарының кандидаты Владимир Фомичев тағайындалған болатын. Ол әр жылдары Алматы, Қызылорда, Екібастұз, Жезқазған қалалары командаларының құрамында ойнады. 1976–1978 жылдары «Востоктың» сапында өнер көрсетті.

1994–1999 жылдары Қазақстанның жастар құрамасын, одан соң еліміздің олимпиадалық құрамасын жаттықтырды. Ол баптаған жастар командасы Азия чемпионатының финалына шығып, Нигериядағы әлем чемпионатына жолдама алған еді. 1998 жылы қазан және 1999 жылы маусым айларында Азияның үздік бапкері атанған.

Түркиядағы жаттығу жиындарына «Востоктың» өткен жылғы құрамы-нан Антон Малтусынов, Дмитрий Шмид, Аслан Жанұзақов, Алмас Сапарғалиев, Павел Удалов, Семейден Илья Байтеряков қатысып жүр. Сондай-ақ қақпашы Виталий Миллер («Қызыл-жар», Петропавл), ойыншылар Вячеслав Эрбес («Ақжайық», Орал), Вячеслав Соболев («Тараз»), Амангелді Жүсіпов, Сабырхан Ыбыраев (екеуі де «Астана-1964-тен»), Тимур Досмағанбетов («Оқжетпес», Көкшетау), Иван Шевченко («Қайрат-Академия», Алматы), Бағдат Нұрлыбаев («Ақ бұлақ», Талғар) шақырылып, іріктеу сынақтарынан өтуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив