KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Восток» жаңа маусымға дайын ба?

1.03.2012, 18:00 140


Өскеменнің «Восток» футбол командасы жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Шымкентте өткізді.

Жиынға 28 футболшы қатысты. Команда құрамы негізінен Өскемен футбол мектебінің түлектерімен жасақталған. Сапардың алдында оған қатысушылардың барлығы жалпы, арнайы және күш төзімділігі мен шапшаңдық сынақтарынан өтті. Команда құрамында Павел Удалов, Антон Малтусынов, Дархан Юсупов сынды тәжірибелі ойыншылар бар.
Шымкенттегі жаттығу жиындары кезінде «Үміткер» турнирі өтті. Жарысқа 12 команда қатысты. «Восток» футболшылары жақсы өнер көрсетіп, ақтық бәсекеде Қызылорданың «Қайсар» командасының қосалқы құрамымен кездесті. Бұл ойын тең аяқталғаннан кейін төрешілер белгілеген қосымша уақытта вос-токтықтар жеңіске жетті. «Востоктың» қақ-пашысы Арлан Сандыбаев аса қауіпті доп-тарды қайтарып, шеберлігімен көзге түсті.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив