KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Еңбек пен еңбекшіні мадақтайды

17.01.2013, 18:00 136


Облыстағы қарағайлы өңірдің бірі -- Бесқарағай ауданының орталығында Елбасының еңбек қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасына орай бой көтерген стелла шын мәнінде ерен еңбек пен жасампаз еңбеккерге арналған, адамның рухын көтерер әрі көз тартарлық ескерткіш екен.

«Еңбек және даңққа бөленген бесқарағайлықтар» деп аталатын бұл стелла-ескерткіш аудан әкімі мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының бастамасымен тұрғызылыпты. Ал оны Кривинка аулының тұрғыны Қ.Нұртазин деген шебер сәулетші жасап шыққан болса, бұл игілікті іске жергілікті депутаттар мен аталған партияның бір топ белсенді мүшелері демеушілік жасапты.

Стелла-ескерткіште еңбек адамдарының бейнесі, ауданның қарағайлы орманы мен өзен-көлдері, аудан экономикасының негізгі саласы болып табылатын ауыл және егін шаруашылығының көріністері бейнеленген. Егемен еліміздің, Астанамыздың символы іспеттес алып «Бәйтерек» те одан өз көрінісін тауыпты.

Тұңғыш Президент күні бой көтерген бұл стелла шындығында еңбек пен еңбек адамының құрметіне тұрғызылған ескерткіш пе дейміз!

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив