KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Катонқарағай ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның семинары өтті

28.09.2012, 18:00 168


Катонқарағай ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның үшінші көшпелі облыстық семинары өтті. Семинарға қатысушылар бірінші күні ауданның Малонарым, Новоберезовка, Катонқарағай ауылдарындағы бірқатар нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан орталығында облыстық партия ұйымының «Катонқарағай ауданында экология және экономика-лық-әлеуметтік салада мемлекеттік бағдарламалар-дың жүзеге асыруына ықпал ететін «Нұр Отан» ХДП-ның міндеттері» атты семинар өткізілді.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков партия ұйымының Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруы туралы баяндады. Ол семинарға қатысушылардың назарын партия Көшбасшысы талап етіп отырғандай, «тұрғындар мәселелеріне назар аударудың тиімді жүйесін құру қажет» екеніне аударды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерінде. Ол партия мүшелерін тұрғындар арасында Президент Жолдауын және бағдарламалық мақаласын түсіндіруге, қалалар мен аудандардағы «Нұр Отан» филиалдары-ның материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, партияның ішкі тәртібін бұлжытпай сақтауға, жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысуға шақырды.

Жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының өкілдері баяндама жасады. Аудандағы әлеуметтік мәселелерді шешу туралы облыстық мәслихаттың депутаты Лұқбек Тумашинов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Дүйсен Бралинов өз ойларын ортаға салды.

Семинарда Түсіпхан Түсіпбеков «Нұр Отан» ХДП Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Бекбосыновқа және жергілікті филиалдың басқа да белсенді мүшелеріне Алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, партия қатарына қабылданған 12 катонқарағайлыққа куәліктер тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив