KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде

15.01.2013, 18:00 115


Қазір «Қазпочта» акционерлік қоғамы ауылдық жерлердегі пошталық байланыс нысандарын оңтайландыру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай жұмыстар экономикалық қарымы төмен, тұрғындарының саны 2000-нан аз елді мекендерде жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оңтайландыру қай бағытта жүргізілмек? Бұл жұмыс пошталық қызмет көрсету бағытын тұрақты өндірістік нысандардан жылжымалы автомобильдерге ауыстыру жолымен іске асырылатын болады. Яғни белгілі бір келісмшарт бойынша пошталық қызметті шағын бизнес субьектісі атқаратын болады.

Ауыл тұрғындарына жылжымалы автомобильдермен және шағын бизнес субьектілерімен қызмет көрсету барысында ауыл тұрғындарының алдында әлеуметтік жауапкершілік толық сақталатын болады. Тұрғылықты халықтың қаржылық және пошталық қызметті алуына құқығы сақталады, жәрдемақы, төлемақыларды беру жүзеге асырылады,ақшалай аударылымдары, төлемақыларды және комммуналдық қызметтерді қабылдау, пошталық жөнелтілімдерді қабылдау жүзеге асырылады, газет және журналдарды жеткізу жалғастырылады.

Пошта тасымалы мен жеткізілуі бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады.Ауданішілік бағыттар бойынша пошта тасымалының жиілігі кем дегенде аптасына екі күнді құрайтын болады.

Ауылдық пошта байланысын оңтайландыру тұрғындар саны 2000-нан жоғары елді мекендердің пошталық байланыс бөлімшелерінің қызметін қозғамайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив