KZ
Өскемен
+29°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Қазпошта клиенттеріне мол дастархан жайып қуантты

22.08.2018, 10:50 123

Құрбан айт – барша мұсылманның ұлы мерекесі. Бұл күні құрбандық шалынып, халық айтшылап, ізгі тілектер тілеп, жақсылық жасаған.


Өскемен қаласындағы төртінші пошталық байланыс торабында пошта мамандары арнайы дастархан жайып, өз клиенттерін айт мерекесімен құттықтады.


-  Біз әр мереке сайын поштамыздың әр филиалдарында клиенттеріміз үшін осылай дастархан жаямыз. Айт мерекесіне орай, бүгін біз ұлттық тағамдардан дастархан жайдық. Солардың ішінде бауырсақ пен қазыдан жасалған қазақы бургер барлық клиенттеріміздің көңілінен шығуда, - деп атап өтті Төртінші пошталық байланыс торабының сатылым бөлімінің бас маманы Тоғжан Қайратқызы.


Қазпошта клиенттері де мұндай мол дастархан мерекелік көңіл күй сыйлайтынын жасырмады.


- Қазпоштаға адамдар қандай да бір жұмыстарын бітіру үшін келеді. Клиенттер көп беркеліп қалғанын да аңғармадым. Жұмыстан асығып шығып, түскі ас уақытында Қазпоштаға келіп жұмыстарымды бітіріп алам деп келгенде, қуанып қалдым, - деп атап өтті клиент Анастасия.


Клиенттеріне мерекелік дастархан жаю Қазпошта ұжымында көптен бері келе жатқан дәстүр екен. Тек дастархан барлық филиалда емес, әр филиалда кезек-кезегімен өтеді.


Айым Касембаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив