KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Үржарда балалар мен жастар театры ашылды

7.01.2013, 18:00 87


Үрджар ауданында балалар мен жастарға арналған тұңғыш театр ашылды. Мәдениет ошағының ашылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Жанақов қатысып, ыстық лебізін білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл күнге дейін «Бота» қуыршақтар театры өз қойылымдарын аудандық мәдениет үйінің төрінде сахналап келген еді. Енді жеке ғимаратқа ие болған қуыршақтар театры өз көрермендерін кез келген уақытта қуанта алады.

Театр – баланың жеке тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратын факторлардың бірі. Балалар болса бос уақыттарын сүйікті қуыршақтарының қасында өткізуге мүмкіндік алды. Театрдың репертуарында «Шалғын», «Золотые рожки», «Жол қауіпсіздік ережелері», «Аңдардың қыстағы» сияқты спектакльдер бар.

Театрдың жетекшісі – аудандық мәдениет үйінің қызметкері Серік Шәкенов.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив