KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 5,6 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Оқушылар тағы да сабаққа бармайды

27.12.2012, 18:00 309


Сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Өскемен, Семей, Зырян қалаларындағы білім ошақтарында сабақ болмайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, Өскемен қаласында таңғы 6.00 сағатта ауа температурасы -33 градусты көрсеткендіктен, 1 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды.

Семей қаласында -29 градус аяз, 1 ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқуға бармайды.


Облыстағы ең төмен ауа температурасы Зырян қаласында тіркелді, мұнда сынап бағанасы -39 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты екі ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, лицейлердің 1-2 курс оқушылары үшін сабақ болмайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив