KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

"Парыз-2012" республикалық конкурсының алтын статуэткасы шемонайхалықтарға бұйырды

26.12.2012, 18:00 297


Өңіріміздегі бірқатар кәсіпорындар «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурстарының жеңімпаздары атанып, Астанада өткен марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еліміздің Премьер-министрі Серік АХМЕТОВ орта кәсіпкерлік санаты бойынша «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымындағы жеңісі үшін «Парыз-2012» алтын статуэткасын шемонайхалық «Востоксельхозпродукт» ЖШС-нің басшысы Сергей Глушковқа табыс етті.

Аталмыш серіктестік осы жылы Зевакино ауылында тұрғындарға арнап демалыс орталығын ашқан, сонымен бірге олар жас спортшыларға, медициналық мекемелерге көмек көрсетіп келеді.

Ал шағын кәсіпкерлік санатындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша «Парыз-2012» қола статуэткасы семейлік «Ибраев+К» өндірістік кооперативіне берілді. Бұл ұжым жергілікті әлеуметтік нысандарды ұстап тұруға көмектесіп қана қоймай, қайырымдылық шаралармен де айналысуда. Олар осы мақсатқа биыл 20 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсаған.

Көптеген отандық озық кәсіпорындар жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысады. Осы жолы «Тұрғындарға арналған үздік тауар» номинациясының бірінші дәрежелі дипломы өзіміздің әйгілі «Азия Авто» зауытына бұйырды, олар биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көлік құрастырыпты.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив