KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедек жандарды жұмысқа алу кезінде оларға дені сау адамдармен бірдей мүмкіндік беру мәселесі қаралды

21.12.2012, 18:00 131


Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсарту, олардың жүріп-тұруына қолайлы жағдайлар тудыру және оларға жұмысқа орналасу кезінде дені сау адамдармен бірдей мүмкіндіктер беру мәселелерін талқылау мақсатында қоғамдық ұйымдардың жетекшілері ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовпен кездесті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сүйене отырып.

Басқосу барысында мүгедек жандарды қоғамға қалай бейімдеуге болатындығы жөнінде кеңінен пікір алмасылды. Серік Әбденов министрлікте бұл бағыттарда атқарылуға тиіс іс-шаралардың жоспары бекітілгенін айтты. Өткен бір жыл ішінде ғана 88 мың мүгедек арбасы қажетсінген жандарға берілген.

Кездесуге қатысушылар жыл сайын желтоқсан айында бас қосып, жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып тұру жөнінде байламға келді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив