KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру акциясы өткізілді

17.12.2014, 18:00 261


Желтоқсан айының ортасында ШҚО Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Сен де мен сияқтысың» атты акциясын ұйымдастырылып өткізді.

Акцияның басты мақсаты, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруды жандандыру болып табылды. Бұл іс-шарада аудан мекеме және кәсіп орындар басшылары, жұмыс істеймін деген мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Акцияның нәтижесінде барлық меншік түріндегі мекеме және кәсіп орындар басшыларына өмірлік күрделі жағдайға тап болған отандастарымызға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беруге үндеу жасалды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив