KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жерлесіміз алтыннан алқа тақты

18.12.2012, 18:00 46


16-18 желтоқсан күндері Қарағандыдағы С.Сәпиев атындағы Боксты дамыту орталығында қазақ күресінен өткен ІІ Әлем кубогы жарыстарында шығысқазақстандық Қуаныш Мұратов алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды "Altaynews.kz" тілшісі.

Жарыстада Қазақстан құрамасының атынан елдің барлық аймақтарынан келген 25 спортшы бақ сынасты. Бұдан басқа, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, Латвия, Литва, Армения, Тәжікстан, Монғолия, Қытай, Иран, Қырғызстан, Беларусь, Польша, Ирак, Йемен, Палестина, Пәкістан және Грекиядан командалар келді.

«Біз сіздердің қазақ күресінен Әлем кубогына қатысуларыңызды ұлттық спорт дәстүрлерімізге құрмет белгісі ретінде бағалаймыз. Біз үшін бұл өте маңызды, өйткені Әлем кубогы Қазақстанда, біздің қаламызда алғаш рет өткізілуде», - деді Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов жарыстың салтанатты ашылуында, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осы додада Қазақстан спортшылары бес жүлде жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль барын айта кеткен жөн.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив