KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

59 әлеуметтік бөлім жұмыс істейді

10.12.2012, 18:00 174


іШемонайха ауданында халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдау мақсатында ашылған 59 әлеуметтік бөлім жұмыс істеп тұр,

Аудан әкімі бірінші сұрыпты нанның бағасын тұрақты ұстау бо-йынша 11 наубайхана басшыларымен меморандумға қол қойған. Қазіргі уақытта нан бірыңғай бағамен 102 сауда орнында сатылып жатыр.

Сондай-ақ Шемонайха қаласында, кент және ауыл округтерінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асырып жатқан тоғыз кәсіпкермен әлеуметтік тұрғыдан маңызды дәрілік препараттар бағаларының өсуін тежеу туралы меморандумға қол қойылған. Шартта тұрғындар жиі қолданатын дәрі-дәрмектермен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету қажеттіліктерінің 200-дей атауы белгіленген.

Аудандағы кәсіпкерлер әлеумет-тік мәселелерді дер кезінде шешу мәселесіне жете мән беріп келеді. Ауданда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жалпы сомасы 201674,0 мың теңге болатын 170-тен астам меморандумға қол қойылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив