KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Өскеменде нанның бағасы қымбаттамайды

15.08.2013, 18:00 149


Өскемен қаласының басшылары алдағы уақытта әлеуметтік бөлімдердің қатарын көбейтуді жоспарлап отыр. Қазір облыс орталығында осындай 18 бөлім жұмыс істеп тұр. Қала басшылығы нанның бағасын өсірмей, ұстап тұру – тұрғындар үшін аса маңызды екенін айтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде бүгінгі таңда нан-тоқаш өнімдерін шығаратын 23 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың барлығымен 2013 жылдың басында нанның бағасын 50 теңгеден асырмау жөнінде меморандумға қол қойылған болатын.

Бұдан басқа әкімдік пен кәсіпкерлер арасында ұн мен сүттің бағасын өсірмеуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің құнын 10 пайыздан артық қымбаттатпау туралы тағы 14 меморандум бекітілген.

Қала әкімі Темірбек Қасымжанов әлеуметтік бөлімдердің тұрақты жұмыс істей беретінін, азық-түлік бағаларының өзінің жеке бақылуында екенін ескертті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив