KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 0,7 м/с, З
447.25 485.18 4.96

Үржар ауданындағы барлық наубайханашылармен нанның бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойылды

11.03.2013, 18:00 123


Үржар ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 6 наубайхана ашылды. Қазір аудан көлемінде барлығы 29 наубайхана жұмыс істеп, елді нан өнімдері тұрақты түрде қамтамасыз етуде. Барлық наубайхана иелерімен нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында өзара меморандум жасалынған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша тұрақтандыру қорынан бөлініп отырған әлеуметтік ұнның аудан аумағында нан бағасының тұрақтануына әсері мол. Ағымдағы жылы ауданға жеткізілген 1514 тонна әлеуметтік ұнның 554 тоннасы наубайханаларға бөлінсе, 960 тоннасы сауда нүктелері арқылы бір қабы 2750 теңгеден саудаланды.

Қазіргі кезде өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысушы отбасылар жылдан-жылға артып келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив