KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бүгін танго биінің туған күні

10.12.2012, 18:00 129


Бүгін –халықаралық танго күні. Бұл мереке жыл сайын 11-желтоқсанда, «Танго королі» атанған белгілі аргентиналық әнші әрі биші Карлос Гардельдің туған күнінде аталып өтеді.

Танго биінің шығу тарихы туралы болжамдар сан алуан. Ең көп тараған түрі – Буэнос-Айрес қаласының маңындағы шағын порттарда 19-20 ғасырлардың тоғысында пайда болған деген пікір. Осы жерлерде көптеген халықтардың мәдениеттері бір-бірімен ұштасып, кубалық хабанераның, африкалық кандомбаның, аргентиналық милонгидің, испандық фламенконың және шетелдік матростардың әр жақтан әкелген билерінің ырғақтары қосылып, жаңа бір би туған деседі. Аргентинада сол кезде танго кедей кварталдардағы иммигранттардың биі болып саналғанымен, өзінің делбезені қоздыратын қасиетінің арқасында көпшілікті бірден жаулап алады.


Бұл би бүгін де өзінің танымалдығын жойған жоқ. Бір қызығы «танго» сөзі биден бұрын туған. Оның алғашқы мағынасы негрлерді биге, барабанда ойнауға шақыру дегенді білдіріпті. Қазір аталмыш бидің оншақты түрі кездеседі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив