"Арқанкергенде" қаза тапқан шекарашылардың ата-аналары Челахтан айыппұл төлеуді талап етіп отыр. Жәбірленуші жақтың өкілі Естуған Сейсенов Челахтан 20 млн. теңге талап етіп отыр. Өйткені, Естуғанның отбасына Челах осындай көлемде шығын келтірген.
Дәл осындай мәселемен қаза тапқан сарбаздың әкесі Асқар Саринов та айыппұл талап етіп отыр. Оның көрсетуі бойынша, Челах 25 млн. теңге көлемінде шығын келтірген.
Ссот төрағасы Ербол Ахметжанов айыппұлға қатысты басқа жақтың пікірін тыңдамақ болды. Әйтсе де, айыппұл мәселесіне байланысты ешкім ауыз ашпағандықтан, жәбірленуші жақтың өтініші іске тіркелді.
Бұған дейін "Арқанкергенде" қаза тапқан Талғат Сәрсенбаевтың анасы да 10 млн. теңге көлемінде шығын келтіргенін айтқан болатын.