KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Елбасынан бюджеттік мекемелерді тексеруге қатысты мәселені реттеу сұралды

27.11.2012, 18:00 83


Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өтіп жатқан кеңейтілген кеңесте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тексерулерге қатысты мәселені реттеу керектігін сұрады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Соңғы кезде тексерулер көлемі қысқармай отыр, керісінше, артып келеді. Негізінен бюджеттік мекемелер, мектептер, ауруханалар, балабақшалар тексерілуде. Біз бұл тұрғыда тиісті тәртіп керектігін айтып отырмыз»,-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Елбасы бұған дейін ведомстволар мен бизнес тексерілгендігін, енді мұндай тексерістерге әкімдіктер қамтылғанын сынға алды. Осы орайда Президент бұл тексерістерге байланысты тиісті шешім шығару керектігін қадап айтты.

Бұдан бөлек, Б. Сапарбаев соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында тексерілмеген, шындыққа сәйкес келмейтін фактілер жарияланатынын ескеріп өтті. Оның пайымдауынша, бұл кейіннен халықты толғандырып, қажет емес қауесеттер басталатындығын сөз етті.

Мәлімет көзі: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив