KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Елбасы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың еңбегін ерекше атап өтті

28.11.2012, 18:00 153


Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерімен өткен мәжіліс барысында дәрігерлер мен ұстаздарда қағазбастылықтың, есеп берудің көптігіне көңілі толмайтынын айтты және осы проблеманы шешуді тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Сондай-ақ, Елбасы мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы тапсырма бергенін еске салды.

- Мемлекеттік қызметкер халыққа «қызмет ету» керек. Бірақ көптеген шенеуніктер, университет ректорлары, мектеп директорлары, тіпті балабақша басшылары «таққа» отырып, өздерін «қожайын» сезеді. Халыққа қызмет етуді ұмытып кетеді, - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Дегенмен, жиында еңбек озаттары да болды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты Елбасы ерекше атап өтті. Қалған әкімдер тілектестіктерін білдіріп жатты» деп хабарлады КТК телеарнасы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тексерулерге қатысты мәселені реттеу керектігін сұрады:
«Соңғы кезде тексерулер көлемі қысқармай отыр, керісінше, артып келеді. Негізінен бюджеттік мекемелер, мектептер, ауруханалар, балабақшалар тексерілуде. Біз бұл тұрғыда тиісті тәртіп керектігін айтып отырмыз»,-деді ШҚО әкімі.

Өз кезегінде Елбасы бұған дейін ведомстволар мен бизнес тексерілгендігін, енді мұндай тексерістерге әкімдіктер қамтылғанын сынға алды. Осы орайда Президент бұл тексерістерге байланысты тиісті шешім шығару керектігін қадап айтты.

Бұдан бөлек, Бердібек Сапарбаев соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында тексерілмеген, шындыққа сәйкес келмейтін фактілер жарияланатынын ескеріп өтті. Оның пайымдауынша, бұл кейіннен халықты толғандырып, қажет емес қауесеттер басталатындығын сөз етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив