KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

ҰБТ-да өте төмен көрсеткіш көрсеткен мектеп директорларына қатаң шара қолданылады

1.07.2013, 18:00 234


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппараттық кеңесте ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде өте төмен көрсеткіш көрсеткен мектептердің директорларына қандай шара қолданылғанын тиісті аудандардың әкімдерінен сұрап, білді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, Бородулиха, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан сияқты аудандардағы ең төмен балл жинаған мектептердің директорларын қызметінен алып тастауға дейін қатаң шара қолдану қажеттігін қадап тұрып жеткізді.

«Біз балалардың болашағын ойлауымыз керек. Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруіміз қажет. Айталық, жиырма жыл бойы ешқандай жақсы нәтижеге қол жеткізе алмаған басшылары бар кейбір мектептерді ұстап отырғаннан пайда бар ма? Жоқ! Ендеше, аудан әкімдері осы мәселені қолға алып, бір жағына шығарыңыздар, алдағы уақытта өтетін тамыз конференциясында бұған қатысты ешқандай сұрақ туындамайтын болсын», – деді облыс әкімі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив