KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Көк шай организмге зиян

27.11.2012, 18:00 134


Бұрын айтылып жүрген көк шайдың пайдасы туралы пікірді американдық және испандық мамандар соңғы ғылыми ізденістері арқылы жоққа шығарып отыр.

Олар бір біріне қатысты емес зерттеу жүргізе отырып, бір ғана қорытындыға келген: егер күніне екі кеседен артық ішсе, көк шай денсаулыққа зиянды. Бұл туралы Independent news сайты хабарлады.

Мурси унгиверситеті жанындағы Джон Иннес орталығының (Испания) сарапшылары көк шай В9 витаминін (фоли қышқылы деп те атайды) сіңіруге мүмкіндік бермейді, деп санайды. Фоли қышқылы екіқабат кезде іштегі баланы туа бітті кеселдерден қорғауда үлкен рөл атқаратыны мәлім.

Американдық Нью-Джерси университетінің зерттеушілері испандық әріптестерінің уәжін қолдай отырып, көк шайдың бауырға да зияны көп деген пікірін айтуда.

Мәлімет көзі: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив