KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Энергетикалық сусындардың зияны түсіндірілді

20.02.2013, 18:00 108


Кеше технологиялық колледж оқушылары арасында «Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны» атты семинар өтті. Семинар барысында мамандар жастарға энергетикалық сусындардың құрамы мен олардың ағзаға тигізетін кері әсерлері туралы толық мағлұмат берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде тілшімізге облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында хабарлады.

Энергетикалық сусынды жарнамалаушылар оны күш-қуат көзі, көңіл-күй көтеретін сусын деп өз өнімдерін өткізуге тырысады. Сондықтан да олардың денсаулыққа әсерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Кездесу кезінде ұйымдастырылған викторина ойынына қатысқан жас өспірімдердің көздері сусынды шамадан тыс қолдану жүйке, жүрек-қан тамырлары, ас қорыту жолдары ауруларына ұшырататынына жетті. Мұндай сұйықтықтың , әсіресе, балалар мен жүкті әйелдерге зиянды екені көрнекті құралдармен дәлелденді.

Семинар соңында оқушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив