KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жоғалып кеткен тікұшақ экипажы мүшелерінің тізімі жарияланды

25.11.2012, 18:00 170


Жоғалып кеткен тікұшақ ағымдағы жылдың 24 қарашасында сағат 08.30-да Үшарал қаласынан ұшып шыққан деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тікұшақ ҚР Атасу қосынынан ҚХР-дың Алашаңқай қосынына дейінгі мұнай құбырын тексеру үшін Алакөл ауданының «Достық» стансасына қарай бағыт алған.

Тікұшақтың бортында 8 адам болған: экипаждың командирі Рауль Хабибуллин, 1979 жылы 7 қаңтарда туған, Нұрлан Есеналиев, 1987 жылғы, борт-механик Владимир Ким, 1962 жылғы, ЛАиД бойынша инженер Константин Максаев, 1961 жылғы, АиРО бойынша авиатехник Виктор Радомский, 1954 жылғы, ККТ инженері Алмас Сәрсенбаев, 1960 жылғы, ККТ инженері Кенжебай Сәбиров, 1975 жылғы, бақылаушы ұшқыш Нұржан Шоқпаров, 1960 жылғы. Іздеу жұмыстары әзірше нәтиже берген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздестіруге көмекке Павлодар және Алматыдан тағы екі тікұшақ қосылды. Бұл туралы Алакөл ауданының құқық қорғау органдарынан хабарланды.

Олардың берген мәліметтеріне қарағанда, 24 қараша күні сағат 13-те Алматы облыстық ТЖД-нің кезекшілік бөліміне сағат 8:30-да Алматы облысының Алакөл ауданындағы ұшу-қону алаңынан әуеге көтерілген МИ-823 тікұшағының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. «ЕуроАзияЭйр» АҚ-ның жезқазғандық филиалының иелігіндегі тікұшақты «Қазақстандық-қытайлық құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын әуеден қарау үшін жалға алған. Бортта экипажбен бірге 8 адам болды.

Іздеу жұмыстарына төрт топ: ҚР ҰҚК шекара жасағының әскери қызметкерлері, «ҚазТрансОйл» қызметкерлері, «СемсорСекьюрити» ЖШС-нің қызметкерлері және Алматы облыстық ТЖД, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР ҰҚК-нің 2 тікұшағы қатысты.

Тікұшақ борты байланысқа шыққан жоқ. Қазіргі кезде іздеу операциясына ТЖМ-нің, Үржар ауданы әкімдігінің, әскери бөлімнің, мұнай компаниясының күштері жұмылдырылды, оларға жергілікті тұрғындар да көмектесуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив