KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жоғалған МИ-823 тікұшағы ШҚО-дан табылуы мүмкін

25.11.2012, 18:00 78


Ізім-қайым жоғалған МИ-823 тікұшағы Шығыс Қазақстан облысынан табылуы мүмкін деген болжам жасалуда. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Айдос Оңғаров хабарлады.


«Бүгін таңертеңгі сағат 8-де іздеуге 4 тікұшақ әуеге көтерілді. Тікұшақ Шығыс Қазақстан облысымен шекарада немесе оның аумағында болуы мүмкін, алайда бұл әлі нақтыланған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда», - деді А. Оңғаров.

Оның сөзіне қарағанда, тікұшақты іздеуге 60-қа тарта адам жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше оқиға туралы хабарлама Алматы облысық ТЖД-ға сенбі күні түскен. Белгілі болғандай, таңертең сағат 8.30-да Алматы облысы Алакөл ауданы Қазақстан ауылына жақын маңдағы ұшу алаңынан әуеге көтерілген МИ-823 ұшағы үшті-күйлі жоғалған.

ТЖД мәліметінше, «ЕуроАзияЭйр» АҚ жезқазған филиалына тиесілі тікұшақты «Қазақстан-қытай құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылау шығу үшін жалға алған.

Мәлімет көзі: BAQ.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив