KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тікұшақ жоғалған аумақтың спутник арқылы түсірілген бейнесін алу үшін Франциямен келіссөздер жүргізілуде

26.11.2012, 18:00 94


Қазіргі уақытта МИ-8 тікұшағын іздестіруге 3 тікұшақ пен 54 адамнан, 13 бірлік техникадан құралған топтар жұмылдырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп. Бұдан басқа, Алакөл көлінде арнайы техникамен жабдықталған қайықтар арқылы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына шекара отрядының әскерлері де тартылған.Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бүгінгі күнге 26 000 шаршы км құрайтын аумақ тексерілгенімен тікұшақ табылған жоқ.

Әуе кемесінің құлауы мүмкін деген орындарды анықтау мақсатында зерттеу аумағындағы жер бедерінің тербелісін талдау үшін геофизикалық зерттеулер институты тартылды. Осымен бірге, іздестіру жүргізілген аумақтың спутник арқылы түсірілген жер үсті бейнесін алу үшін Француз мамандарымен келіссөздер жүргізілуде.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, 2012 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Новосибирск авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен. Ұшуға жарамдылығы туралы сертификат 2012 жылғы 18 қыркүйекте 2 жылдық мерзімге берілген. Келесі жөндеу жұмыстарын жүргізу аралығындағы ұшуға жарамды 2000 сағаттың тікұшақ тек 221 сағатын ғана ұшқан. Яғни, тікұшақтың ұшу сағаты бойынша ресурсы жетерлік.

Үйлестіру орталығы ИКАО-ның стандарттарына сәйкес ағымдағы жылдың көктемінде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Көлік және коммуникация, Қорғаныс министрліктерінің бірлескен шешімімен құрылды.Аталған орталық іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестірумен айналысады. Ал, іздестіру шараларын басқарумен Үшарал қаласында құрылған шұғыл штаб айналысуда.

Ми-8 тікұшағы «Евро-Азия Эйр» әуекомпаниясы» АҚ-на тиесілі. Авиациялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін сертификаты бар, атап айтқанда: әуеде түсірілім жүргізу, орман шаруашылығына қатысты қызметтерді атқару, көліктік байланыстырушылық ұшуларды жүргізу және т.б. Пайдалану туралы сертификаты мен авиациялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін куәлігі 2013 жылдың наурыз айына дейін жарамды.

Еске сала кетейік, Ми-8 тікұшағы «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырына әуеден бақылау жүргізу үшін әуеге көтерілген. Белгіленген уақытта экипаж әуе қозғалысын қамтамасыз ету диспетчерімен радиобайланысқа шықпаған. Қазіргі уақытқа дейін тікұшақтың қай жерде екендігі туралы ақпарат жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив