KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да Ресей азаматы Приходько басшылықта заңсыз отырған

14.11.2012, 18:00 83


Шығыс Қазақстан облысы денсаулық бірлестігінің басшысы Юрий Приходько қызметінен тағы да кетті, бұл жолы қайтып оралмасы анық, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылғы жанжал сәл бәсеңсігені енді ғана еді, денсаулық сақтау басқармасының төңірегінде тағы да ду-ду жанжал басталды. ШҚО көші-қон полициясы Юрий Приходьконың 2006 жылғы 15 мамырдан бастап Ресей азаматтығын алғандығын анықтады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңына сәйкес біздің отандасымыз басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда Қазақстанның жеке куәлігінен айрылып, шетел азаматы болып саналады. Елімізде жұмыс жасау үшін арнайы рұқсат алуы керек.

«Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі" бойынша шетел азаматын жұмысқа жұмылдыру үшін арнайы атқару мекемелерінің рұқсатынсыз шетел азаматымен келісіш-шарт жасалмайды», деп мәлімдеді ШҚО әлеуметтік бақылау және қорғау департаментінде.

Қазақстан заңнамаларын белінен басып, екі азаматтық алған Юрий Приходько заңсыз облыстың денсаулық сақтау бірлестігін басқарып келген. Ал тексерушілер үшін 1999 жылы 16 қыркүйекте берілген Қазақстанның азаматтығы туралы жеке басының куәлігі тағы болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив