KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Шығыс Қазақстанда «Балалықты қорғау қоғамы» айлығы жүріп жатыр

11.09.2013, 18:00 96


10-қыркүйек пен 10-қазан аралығында ШҚО бойынша балалардың құқын қорғау басқармасы облыстық білім басқармасы және ШҚО ІІД-мен бірлесе отырып «Балалықты қорғау қоғамы» айлығын өткізіп жатыр. Акцияның мақсаты кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтын алдын алу, балаларға қатысты қатыгездіктерді анықтау болып табылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық балалардың құқын қорғау басқармасының баспасөз мәліметіне жүгініп.

Мамандардың түсіндіруінше, осы мерзім аралығында барлық білім мекемелерінде жасөспірімдер арасында заң бұзушылықты болдырмау, жас өскіндерге қарсы әлімжеттік көрсету және қатыгездік таныту сияқты қылмыстардың алдын алу шаралары жүргізілмек.

Айлық барысында «Түнгі қаладағы балалар», « Жасөспірім» акцияларын ұйымдастыру жоспарланған. Облыстағы білім ошақтарында құқық қорғау мәселелері бойынша кеңес алаңдары, сенім телефондары жұмыс істейтін болады, дөңгелек үстел өткізіледі. Құқық қорғау мамандарының қатысуымен балаларға тәртіп бұзушылықтың алдын алуға қатысты кеңестер беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша ШҚО бойынша балалардың құқын қорғау басқармасының 61-41-06 сенім телефонына хабарласуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив