Рухани келісім күніне орай облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ өңірдегі діни бірлестіктер жетекшілерінің басын қосып, алқалы жиын өткізді. Онда елдегі діни келісім мен төзімділік, тұрақтылық, татулық, ынтымақ жайы әңгіме желісіне арқау болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Биыл Рухани келісім күнінің еліміз-де аталып өтіп келе жатқанына 20 жыл толып отыр. Естеріңізге салсақ, 1992 жылы дәл осы күні Алматыда Бүкіл-әлемдік рухани келісім конгресінің I сессиясы өткен. Конгреске қатысушы-лар қазанның 18-ші жұлдызын Рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжал-дарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдаған. Содан бері бұл күн елімізде ұлттық мейрам ретінде тойланып келеді.
Сол сияқты облысымызда 90-шы жылдардың басында 30 діни бірлестік тіркелсе, бүгін олардың қатары 365-тің үстінде. Бұған қарап Қазақстанда барлық дәстүрлі діндерге тең құқық берілгендігін көреміз. Ал аталған діни бірлестіктер өз кезегінде бір-біріне төзімділікпен қарап, достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр, – деген облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жиынға қатысушыларды атаулы мерекелерімен құттықтады.
Рас, әлемнің түкпір-түкпірінде діни алау-ыздық пен тұрақсыздық күш алып тұрған бүгінгі заманда Қазақ елінің конфессияара-лық плюрализмі жалпақ жаһанға үлгі, өнеге. Жалпы, жас мемлекетіміздің дамуының, оның әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңаруының маңызды шарты біздегі этносаралық және конфессияаралық келісім-ді сақтау болып табылады десек, осы бағыт-та мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді жүйесі жолға қойылғандығы қуантады бәрімізді.
Аталған мерекеге орай облыс орта-лығында дәл осы күні бірқатар іс-шаралар өтті. Таң бозынан Өскемен кітапханаларында тарихи-мәдени, діни тақырыптарға ар-налған кітаптар мен фотосуреттер көрмесі келушілерге есігін айқара ашты. Облыстық тарихи-өлкетану және этнографиялық мұра-жайында көпшілік назарына сирек кезде-сетін шіркеулік кітаптар, икондар және ислам, христиан, будда, иуда сияқты діндердің атрибуттары ұсынылды. Ал қаладағы №40 мектепте онлайн режимде рухани келісім тақырыбына бағытталған ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сонымен қатар шара барысында Өскеменде бой көтерген жаңа мешіттің құрылысына белсене атсалысқан кәсіпорындардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында «ЮКО» ЖШС директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Александр Юрченко, «Орион» ЖШС жетекшісі Сергей Короткин, «Құмаров және К» ЖШС бастығы Манарбек Құмаров және басқалары бар.
Нұрлан қажы БАЙЖІГІТҰЛЫ, Қазақ-стан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы:
– Біздің ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі ислам діні қай заманда да достыққа, татулыққа, ынтымаққа зор көңіл бөліп, елдегі тыныштықты сақтауға қызмет еткен және келешекте де қызмет ете береді.
Евгений ЯГАНОВ, Өскемен және Семей епархиясы хатшысының міндетін атқарушы:
– Бұл күн біздің елде ұлттық мереке ретін-де тойланып келе жатқанына міне, биыл 20 жыл толып отыр. Татулық пен келісімге толы осы жиырма жылда өңірдегі көптеген дәстүрлі дін өкілдерінің өзара достығы, бауырмалдығы арта түскенін көріп отырмыз. Барлық діндер қарапайым ғана мақсатқа құрылған, ол – мұқтаж жандарға қол ұшын беруі, жетім-жесірге көмек көрсету, қайырымды болу, нәсіліне, дініне қарамастан адамдардың бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруі. Сол сияқты дін адамдарды өз Отанын сүюге, елін-жерін қорғауға, мәдениетті, тарихты, рухани құндылықтарды сақтауға және дамыту-ға шақырады. Бұл орайда Рухани келісім күнінің алатын орны, беретін тағылымы зор.