KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

ШҚО-да заң талаптарын бұзғандар жазаланды

25.06.2012, 18:00 162


«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Аталған отырыста төрт мәселе қаралды. Жарма, Үржар, Аягөз, Зырян аудандарындағы Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың қалай орындалғаны туралы жүргізілген тексеру қорытындысы жайындағы ақпараттар тыңдалды.

Бірінші мәселе бойынша Жарма ауданының мемлекет-тік органдарында жүргізілген мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексінің сақталу барысын тексерудің қорытындысы қаралды. Тексеру нәтижесі қолданыстағы заңнамалардың нормаларына қайшы келетін біраз заң бұзушылықты анықтады.

Жарма ауданындағы мемлекеттік орган қызмет-керлерінің штаттық құрам саны 195 болуы тиіс. Ал тексеру кезінде 188 екені анықталған. Яғни, жеті қызмет орны бос тұр. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер ашылған. 2008 жылы наурыз айында ауданда осындай тексеру жүргізіліп, оның алдындағы үш жылдың ішінде жалпы жиыны 80 заң бұзушылықты ашқан. Ал одан кейінгі үш жылда жалпы жиыны 39 заң бұзушылықты анықтаған. Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтары талабын сақтамаған алты лауазымды қызметкер және биылғы жылдың басынан бері екі адам осындай жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 12 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі қаралған. Тексерудің қорытындысына байланысты Жарма ауданында семинар-кеңес өткізілген.

Мәжілісте тәртіптік кеңес мүшелері осындай хабарламаны тыңдай келіп, аудан басшылығымен өңірлік орган тарапынан қолданылған шаралардың жеткіліксіз екенін атап көрсетті. Олар заңнама талаптарына сай сыбайлас жемқорлыққа байланысты бағытталған іс-әрекеттің алдын алу жұмыстарын күшейтіп, айрықша бақылауға алу, кадрларды іріктеу мәселесіне қатаң бақылау жүргізу жөнінде тиісті ұсыныстар енгізді.

Тәртіптік кеңес мүшелері қаржы полициясының түсірген материалдарына байланысты Аягөз ауданы әкімінің орынбасары С.Ысқақовтың тарапынан жіберілген ағаттықтың жайын да талқылады. Өткен жылы С.Ысқақов «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының Аягөз аудандық филиалындағы құрылым басшыларының қатысуымен ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған спартакиаданың дайындық жұмыстарына байланысты мәжіліс өткізіп, филиал басшысына ағаштан баспалдақтар жасау жөнінде ауызша нұсқау берген. Бұл жөніндегі қабылданған шешім мәжілістің хаттамасында бекітіліп, құжатталмаған. 169 мың теңге тұратын тоғыз текше метр ағаштан баспалдақ жасал-ған. Ал бұл баспалдақтар қазіргі уақытта аудандағы мәдени шараларды өткізу кезінде қолданылуда. Осыған орай баспалдақты мекеменің балансына алу қажеттігі жөніндегі мәселені қарау бойынша шешім шығарылды. Бұдан былай қызметтік міндетін қолда-ныстағы заңнамалар аясынан асырмай орындауы тиіс екені айтылып, С.Ысқақовқа ескерту жасалды.

Зырян ауданы прокуратурасының осы аудандағы төтенше жағдайлар басқармасының лауазымды қызметкерлері Ю.Хакимжановқа, Г.Асайыноваға, В.Назыровқа қатысты материалдарды тәртіптік кеңес «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес шешім қабылдау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарауға жіберді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив