KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Жаңа ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ көп

28.02.2012, 18:00 235


Өткен жылы облыста мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық фактісі бойынша 150 қылмыстық іс қозғалған. Тәртіптік кеңестің ұсынысымен 14 мемлекеттік қызметші және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғалар, оның ішінде 11 адам сыбайлас жемқорлық бойынша заңбұзушылық әрекеттерге жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылған. Бір мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылған.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша аумақтық басқармасының бастығы Тоқтамыс Жұмағұловтың өткен жыл қорытындыларымен таныстырған баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, сыбайлас жемқорлық фактілері көп жағдайда мемлекет-тік сатып алуды өткізу кезінде орын алып жатады. Заңбұзушылықтар негізінен қызметшілердің нормативтік заң талаптарымен дұрыс таныс-пауынан, жұмысқа салғырттығынан туындайды. Басқарма басшысының айтуынша, құқық қорғау органдары осындай істермен айналысу барысында қозғалған қылмыстық іс жымқыру ниетімен жасалған-жасалмағандығына назар аудару керек.
Сонымен қатар, өткен жылы тәртіптік кеңеспен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарының сақталуы жөнінде 222 мемлекеттік орган тексерілген екен. Тексеру кезінде жеті заңбұзушылық фактісі анықталып, үш мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Алайда өңірде мемлекеттік қызметшілер-дің сыбайлас жемқорлық фактілері бойын-ша қылмыстық істері алдағы жылдармен салыстырғанда 40 пайыздан астам төмендеген.
Бұл – өткен жылы басқарманың облыстың мемлекеттік органдарында өткізген «Мем-лекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаларды, Ар-намыс кодексінің талаптарының орындалуы, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған семинар-кеңестерінің жемісі.
Өткен жылдың шілде айында мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы қабылданған болатын. Аталған тұжырымдама мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге бағытталған. Мемлекеттік қызметке орналасу және оның резервін қалыптастыру, қызмет-шілерге ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, жоғарғы білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығын қалыптастыру қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеруге негіз болмақ. Сондай-ақ, аталған тұжырымдама мемлекеттік қызметкерлердің бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді, бұл – баспана жайы, жас кадрларға жол беру, қызметшілердің мәртебесін жоғарылату, олардың құқықтарын қорғау. Осының барлығы Елбасы Жолдауында атап көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға алғышарт бола алады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша аумақтық басқармасы өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет туралы үздік материалға және оның насихатталуына облыстық байқау жариялаған болатын. Баспасөз конференциясының соңында сол байқаудың қорытындысы бойынша өңірдегі БАҚ пен мемлекеттік қызметшілер, тілшілер марапатталды. Аталған сайыста бі-рінші орынды Бородулиха аудандық «Импульс района» газеті еншіледі. Облыстық «Дидар» газеті екінші орынға ие болды. Үшінші орын Зырян аудандық «Импульс Зыряновска» газетіне бұйырды. Ал ең үздік материал номинациясы бойынша бірінші орынды «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Д.Сейсенұлы жеңіп алды. Екінші орынды облыстық соттың судьясы С.Әлімбаева, үшінші орынды Риддер қаласы әкім аппаратының жетекшісі Л.Фролова иеленді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив