KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

Шығыс Қазақстанда Шәмші фестивалі өтеді

18.09.2012, 18:00 162


Шәмші ҚалдаяқовҚыркүйектің 19-21 аралығында Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Мәдениет және ақпарат министрлігі және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» атты ән фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

19 қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында аталған фестивальдың салтанатты ашылуы және І кезеңі өтеді. 20 қыркүйек күні халықаралық байқаудың ІІ кезеңі жалғасады. Ал фестивальдың гала-концерті 21 қыркүйек күні сағат 19.00-де Металлургтердің мәдениет сарайында мәресіне жетеді деп жоспарланған. Гала-концертте Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Толқын Забирова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Медеу Арынбаев, «Орда» тобы, сонымен қатар облысымыздың өнерпаздары Вячеслав Ткач, Альмира Нұрғожина, Арыстанбек Кәкеев, Берік Омаров, Гүлдана Ноғайбаева өнер көрсетеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив