KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

RADIO ALTAY жаңалықтары - 28 тамыз 2012 жыл

27.08.2012, 18:00 130


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Кеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен Бородулиха ауданында болып, бірнеше ауылдық окрутің жұртшылығымен жүздесті. Аудан тыныс-тіршілігінің жай-күйі таразыланған бұл кездесулерге облыстық органдарының басшылары да қатысты.

Көкпектіліктер Үржар ауылынына ат басын тіреді. Олар аталмыш ауданның көрікті жерлерін аралап танысып, өздеріне қажетті мәліметтерді алып, тәжірибе алмасып қайтты.

Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қызметтерінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша республиканың өзге де аумақтық департаменттері арасында үздік шығып, бірінші орынға ие болды.

Семей қаласында қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай еске алу жиыны өтті. Бұл шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив