KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

ШҚО-да 39 градусқа дейін ыстық болады

pixabay.com

23.06.2024, 09:00 114 Назерке Каримова

Сыртқы ауа температурасы көтеріліп, төтенше өрт қаупі де артады.

Синоптиктердің болжамынша, Шығыс Қазақстан облысында 25-30 маусым аралығында ауаның жоғары тәуліктік температурасын 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қауіптілігі төтенше (5-сынып) өрт қауіптілігіне дейін артады деп күтілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салады:

- жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтырмаңыз;

- ормандарда от жағуға болмайды;

- шыны ыдыстарды күн астында қалдырмаңыз.

Табиғи өрттер туындаған жағдайда "101", "112" телефондары бойынша өрт сөндіру қызметіне дереу хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД құрғақ шөпті өртеп, бақылаусыз қалдырып, орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапқа тартылатынын еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив