KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семей жастарына кәсіпорындар жасыл алаң салып берді

6.09.2012, 18:00 58


Бизнестің әлеуметттік жауапкершілігі аясында Семейдегі кәсіпорындар өздеріндегі жұмысшылардың денсаулығын шынықтыру мақсатында бірқатар маңызды істерді қолға алып, ойын алаңдарын салуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Солардың бірі деп «Ибраев және компания» өндірістік кооперативінің жерлестеріне сыйға тартқан шағын футбол алаңын айтуға болады.

Алаңды салуға студенттік құрылыс жасағымен бірге кооперативтің жұмысшылары да белсене атсалысты. Себебі, олар жұмыстан бос уақытта спортпен айналысуды көптен күткен екен. Салтанатты жиында қаладағы футбол федерациясының вице-президенті Бағдат Түсеев алдағы уақытта Семейде осындай футбол алаңдары, футзалдар көп-теп салынатындығын, әсіресе, жастардың спортпен айналысуына мол мүмкіндік жасалатынын тілге тиек ете отырып, «Ибраев және компания» ұжымына алғыс білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив