14-маусым Халықаралық донор күні. Осы мерекеге орай Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы өз еркімен қан тапсырушылардың кең ауқымды акциясын жоспарлап отыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметіне жүгініп.
Акция кезінде қан тапсырғандарға 1000 теңге көлемінде төлемақы және басқа да сыйлықтар беріледі.
«Шараға Шығыс Қазақстан облысында тіркелген, дені сау он сегіз жасқа толған кез-келген тұрғын қатыса алады. Қан тапсырушының өзімен жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек», дейді орталық мамандары.